«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Есіл өзенінің суы көтеріліп келеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында шағын өзендердің су деңгейі түсіп, Есіл өзенінің суы көтеріліп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РММ СҚО филиалының мәліметінше, Есіл өзенінде орналасқан бақылау пункттерінің барлығында су деңгейінің көтерілгендігі тіркелді. Ал оған құятын шағын өзендерде, Гусаковка елді мекені маңындағы Бабықбұрлық өзенін есептемегенде, керісінше, су деңгейі түсіп жатыр. Мәселен, Ковыльное ауылының маңындағы Ақанбұрлық өзені бір тәулікте 62 см-ге, Рузаевка елді мекені маңындағы Шарық өзені – 71 см-ге азайды.

Ал Есіл өзені Покровка ауылының маңында 131 см-ке көтерілсе, ең максималды өзгеріс Сергеевка қаласының маңында 285 см тіркелді. Петропавлдағы көрсеткіш – 49 см.

Өңірдегі Үлкен Тораңғұл көлінің де тасу қаупі бар. Әзірге ол бір тәулікте 12 см-ге өзгерген. Мұзы жарылып жатыр. Көлге құятын Қамысақты өзенінің деңгейі керісінше 89 см-ге төмендеді.

Сергеев су қоймасы екі күннен бері асып-төгіліп жатыр. Бір тәулікте ернеуден төгілу деңгейі 119 см-ге жетті.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp