«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавлда жатақханада өрт шығып, 130 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы жатақханалардың бірінде өрт шығып, 126 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Тұрғындардың төртеуін эвакуациялау үшін автосатыны қолдануға тура келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 15 сәуір күні сағат 23.39 минут кеткенде 101 пультіне Петропавлдағы Тоқсан би көшесі, 84 мекенжайындағы жатақхана дәліздерінің көк түтінге оранғандығы жөнінде хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жатақхананың барлық бес қабатындағы дәліздердің қалың түтінге оранғанын көрген. Мамандар жатақхана тұрғындарын – 126 адамды, соның ішінде 42 баланы эвакуациялады. Арнайы автотехника арқылы 4 қабаттан бір отбасы мүшелері – екі ересек және екі бала құтқарылды. Олар қатты түтіннен баспалдақ арқылы шыға алмай қалған.

«Бірінші қабаттағы аумағы 7 шаршы метр болатын тамбурда қоқыстан өрт шыққан. Яғни жатақханаға кіреберісте бөлек есігі бар тамбур болған. Тұрғындардың айтуынша, ол үнемі жабық тұрған, бірақ біздің болжам бойынша, онда тұрақты мекенжайы жоқ адамдар тұрған. Олар осы бөлмеге түрлі қоқысты – ескі киім-кешек, көрпешелерді тасыған. Өрт солардың жануынан шыққан. Болжам бойынша, темекі тұқылынан тұтануы мүмкін», – дейді СҚО ТЖД жедел басқару орталығының бастығы Олжас Жүніс.

Өртті сөндіруге 20 маман және 6 арнайы техника жұмылдырылды. Сағат 00.16-да өрт толық сөндірілді.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp