«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.04.2021

Ел үміті – елгезек жастар

Былтыр елімізде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың “Ел үміті” бастамасын жүзеге асыру мақсатында “Елбасы медалі” жобасы қолға алынған болатын. Елгезек жастарға берілген мұндай бірегей мүмкіндікті пайдаланудан солтүстікқазақстандық өрендер де қалыс қалмады. “Nur Otan” пар­тиясы Петропавл қалалық филиа­лында жобаның 136 жеңімпазын марапаттау салтанаты өтті.

Эльмира – Азия чемпионы

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Сарықұрлықтың кілең мықты балуандары жиналған додада жерлесіміз Эльмира Сыздықова чемпион атанды.

КӨЗ – АДАМНЫҢ ШЫРАҒЫ

Қоршаған орта туралы ақпараттың 90 пайызға жуығын көз арқылы қабылдайтынымыз белгілі. Тіпті, адам денесіндегі өзге ағзалармен салыстырғанда өте жылдам қозғалатыны да осы көз бұлшық еттері екен. Сондықтан да бұл мүшеге зақым келтіру қаупі аса жоғары. Өңірдегі дәрігер-офтальмологтардың арқасында мыңдаған жерлесіміз көру қабілетін сақтап қалды. Бұл мақаламызда “Гиппократ антын” өмірлік ұстанымы ретінде қабылдап, адам жанының арашасы …

КӨЗ – АДАМНЫҢ ШЫРАҒЫ Read More »

АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН АНА

Мамлют ауданындағы Ленин елді мекені мен осы аттас ауылдық округ атауының Бике деп өзгертілуін көптен зарыға күткен арманымыздың орындалып, әділдіктің салтанат құруы ретінде қабылдадық. Жасыратыны жоқ, тұтас аймаққа жанашыр, қамқор болып, көзі тірісінде ел қошеметіне бөленген Бике анамыз туралы жас буын біле бермеуі мүмкін.

Жеңісті күндер

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан спортшылары республикалық және халықаралық ареналарда ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. Олимпиада ойындары мен әлемдік додаларда көк туымыз сан мәрте желбіреп, әнұранымыз шырқалды.

Рухани орда

Ақжар ауданы – тағылымды тарихы бар шежірелі мекендердің бірі. Өткеннен сыр шертетін құнды жәдігерлердің көбі Алаш қайраткері Смағұл Сәдуақасов атындағы тарихи-өлкетану мұражайында жиналған. Бұл руханият ошағы ауданда еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ашылғанын айта кеткен жөн.

Болашағымыз жарқын

Ақжар ауданында егемендік жылдары құрылып, бүгіндері табысты жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлік субъектілері баршылық. Солардың бірі – “Жалын-2” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Еліміз егемендік алып, жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көше бастаған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары кәсіп бастап, талай ауыртпалықты бастан кештік. Істің көзін тауып, бүгінде сол бейнеттің зейнетін көріп отырмыз.

АТА-БАБА АМАНАТЫ

30 жыл – егемен еліміз үшін аса маңызды меже. Бұл – жаңа тарихи кезеңнің басы. Біз бұл күнге қалай жеттік? Әрине, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен. Ұшы-қиыры жоқ кең дала – батыр бабаларымыз қалдырып кеткен аманат. Оны көздің қарашығындай ұстау – біздің міндетіміз.

Ел тірегі

Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді, өнерлі ұрпақ. Азаттықтың арқасында жастарға қазақ халқының кейбір ұмыт қалған өнерлерін үйрету мүмкіндігі туды.

АЗАТТЫҚТЫҢ ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРЫ

Биыл ата-бабаларымызға арман болған егемендігімізге 30 жыл толғалы отыр. Осы уақыт аралығында елімізде кешенді реформалар жүзеге асырылып, экономикалық, әлеуметтік және саяси жүйені жаңғырту жолында нық қадамдар жасалды. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің біріне айналғанына баршамыз куәміз. Бұл күнге жету үшін қазақстандықтар талай тар жол, тайғақ кешулерден өтті, азаттық алған алғашқы жылдар да оңай болған …

АЗАТТЫҚТЫҢ ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРЫ Read More »

Аудандағы көшпелі отырыс

Облыстық мәслихаттың халықтың денсаулығын сақ­тау және оны әлеуметтік қор­ғау, білім беру, мәдениет және жастар ісі мәселелері жө­нін­дегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы Тимирязев ауданында өтті.

Жасөспірімдер құқығы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық ста­тис­тика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті облыстық бас­қармасында кәмелетке толма­ған­дарға қатысты қылмыстарды есеп­ке алу, білім беру, тәрбие­леу, демалыс және сауықтыру, де­не шынық­ты­ру, әлеуметтік қыз­мет­тер көрсету, мә­дениет және өнер саласында­ғы ұйымдардың еңбек заңнама­сын сақ­тау мәсе­лелері бойынша “дөң­ге­лек үстел” отырысы өтті.

Қорытындысы шығарылды

Аудандық маңызы бар қа­ла мен ауыл­дық округтер әкімдері сайлауының қоры­тындысы туралы Өкілеттік мерзімінің аяқталуы­на және өкілеттігін мер­зімінен бұ­рын тоқтатуына байланысты ау­дандық маңызы бар қала және ауылдық округ әкімдерінің сай­лауы өтті.

Сәуір – салқын, мамыр – жауынды

Биыл табиғат тосын мінез танытып, қызылжарлықтарды біраз әбігерге салатын түрі бар. Сәуір айында ауаның орташа температурасы 4-6 градус жылылықты көрсетеді. Жалпы, соңғы жылдары климат құбылып тұр. Мысалға, ең жылы қыс ретінде тіркелген 2019-2020 жылдың қысында ауаның орташа температурасы нормадағыдан 5-7 градусқа жоғары болды. Сәйкесінше, циклон мен антициклондардың ықпалынан желдің екпіні күшейе түсті.