«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ел тірегі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді, өнерлі ұрпақ. Азаттықтың арқасында жастарға қазақ халқының кейбір ұмыт қалған өнерлерін үйрету мүмкіндігі туды.

Осыдан он жыл бұрын Талшық ауылында ашылған “Серпер” өнер мектебінің шәкірттері әртүрлі сайыстарда жүлделі орындарға ие болуда. 2017 жылы мектебіміздің “Айтұмар” хореографиялық және “Ғасырлар үні” ұлт аспаптар ансамбльдері, “Жігер” домбырашылар ұжымы, “Мұрагер” ұлт аспаптар ансамблі “Халықтық” атағын иемденді. Домбыра сыныбының оқушылары республикалық “Сәлем, Астана – 2015” байқауында бас жүлдені иеленсе, қобызшыларымыз бірнеше рет облыстық байқаулардың лауреаты атанды.

Бейбітшіліктің арқасында әлі талай биікті бағындырамыз деген ойдамын. Ата-бабаларымыздан қалған мұраны ары қарай жалғап, келесі буынға аманаттау – асыл борышымыз.

Ләззәт ЖЕТПІСБАЕВА,

“Серпер” өнер мектебінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp