«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Болашағымыз жарқын

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақжар ауданында егемендік жылдары құрылып, бүгіндері табысты жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлік субъектілері баршылық. Солардың бірі – “Жалын-2” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Еліміз егемендік алып, жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көше бастаған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары кәсіп бастап, талай ауыртпалықты бастан кештік. Істің көзін тауып, бүгінде сол бейнеттің зейнетін көріп отырмыз.

1991 жылы жұбайым Уәлихан Нұрмұқанұлымен ақылдаса келе жеке кәсіпкерлікпен айналысуға бел будық. Отбасылық бизнесті шағын құрылыс фирмасынан бастадық. Алғашқы қадамымыз сәтті болды және бәсекелестікке төтеп беру үшін аянбай тер төгуімізге тура келді. Мемлекеттің қолдауының арқасында жыл өткен сайын кәсіпкерлігіміздің аясы кеңейе түсті. Кейін Талшық ауылына кіреберістегі ескі дүкенді сатып алып, жөндеп, күнделікті сұранысқа ие тауарлармен толтырдық. Биыл отбасылық бизнесімізге 30 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде серіктестіктің ісі өрге басты. Бұл күндері қарамағымызда ірі көтерме-сауда орталығы, 6 азық-түлік дүкені, екі қабатты “Әлем” сауда орталығы, “Думан” мейрамханасы бар.

Қол жеткізген жетістіктердің барлығы – егемендіктің жемісі. Тәуелсіздікпен түйдей құрдас серіктестік алдағы уақытта да ауданның дамуына өз үлесін қоса береді деп сеніммен айта аламын. Бастысы егемен еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Орынбасар ЫСҚАҚОВА,

кәсіпкер.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp