«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ел үміті – елгезек жастар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Былтыр елімізде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың “Ел үміті” бастамасын жүзеге асыру мақсатында “Елбасы медалі” жобасы қолға алынған болатын. Елгезек жастарға берілген мұндай бірегей мүмкіндікті пайдаланудан солтүстікқазақстандық өрендер де қалыс қалмады. “Nur Otan” пар­тиясы Петропавл қалалық филиа­лында жобаның 136 жеңімпазын марапаттау салтанаты өтті.

Жеті негізгі бағытты қамтитын жоба 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған. Оның аясын­да ұл-қыздар спортпен шұғылдан­ды, бойларындағы қабілеттерін да­мытып, кітап оқыды, ұлттық мұраны зерттеп, волонтерлікпен айналысты, экспедицияларға шығып, еңбек практикасына атсалыс­ты. Олардың арасында Қазақстан халқы Ассамблея­сының волонтерлері Аружан Дәулетбекова, Ілияс Сәрсенбай, Асылжан Бегалинова, Егор Замерчук, Алексей Бойко және Дарья Солдатова да бар. Жиында бәріне де арнайы соғылған қола медаль табысталды. Жеңімпаздардың бірі – қызмет көрсету колледжінің студенті Егор Замерчук Есіл өзені­нің жағалауын қоқыстан тазартып, жалғызілікті қарияларға үй шаруасында қол ұшын созуда белсенділік танытқан.

Жоба тәлімгері Ринат Шамшутди­новтің айтуынша, бұл марапат мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарында тегін білім алу бәсекесіне түскенде жәрдемдеспек.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp