«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Эльмира – Азия чемпионы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Сарықұрлықтың кілең мықты балуандары жиналған додада жерлесіміз Эльмира Сыздықова чемпион атанды.

Бұрымды балуан спорттық мансабында алғаш рет 76 килограм салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Рио олимпиадасының қола жүлдегері ақтық сынға дейін барлық қарсыластарынан басым түсті. Жерлесіміз финалда қырғызстандық Айпері Медетқызымен кездесті. Бауырлас елдің өкілі бұған дейінгі халықаралық жарыста Эльмираны жеңген болатын. Бұл жолы Эльмира айқын басымдық танытып, қарымта қайтарды. Сөйтіп, жерлесіміз Азия чемпионатының алтын медалін еншіледі.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp