«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қорытындысы шығарылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Аудандық маңызы бар қа­ла мен ауыл­дық округтер әкімдері сайлауының қоры­тындысы туралы

Өкілеттік мерзімінің аяқталуы­на және өкілеттігін мер­зімінен бұ­рын тоқтатуына байланысты ау­дандық маңызы бар қала және ауылдық округ әкімдерінің сай­лауы өтті.

Сайлау облыстың 11 ауданын қамтып, 24 ауылдық округ пен Сергеевка қаласында ұйымдас­тырылды.

Аудан әкімдері жергілікті қо­ғам­дастық жиналыста­рымен ке­лісе отырып, бос орындарға 72 үміт­керді ұсынды. Ау­мақтық сай­лау комиссиялары 71 кандидатты тіркеді. Қа­жетті құжаттардың ұсынылмауына байла­нысты бір кан­дидатты тіркеуден бас тар­тылды.

Таңдаушылар тізіміне 124 ау­дандық мәслихаттың де­путаты ен­гізілді. 14 сәуірде өткен сай­лаушылар отырыс­тарына аудан­дық мәслихат депутаттарының 91,13 па­йызы қатысып, таңдау­ларын жасады.

Сайлау қорытындысы бойын­ша 25 әкім сайланды, оның 5-уі – әйел. Орташа жас – 44-і құрайды. Бәрі жоғары білімді. 21 әкім “Nur Otan” партиясының мүшесі, қал­ғандары партияда жоқ.

Дауыс беру барысын “Nur Otan” партиясының 2, со­нымен бірге кандидаттардың сенім біл­дірген 7 және бұқаралық ақпарат құралдарының 8 өкілі бақылады.

Сайлау науқаны кезеңінде ау­мақтық сайлау комис­сия­ларына өтініштер түскен жоқ.

Облыстық сайлау комиссиясы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp