Аудандық маңызы бар қала мен ауылдық округтер әкімдері сайлауының қорытындысы туралы
Өкілеттік мерзімінің аяқталуына және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты аудандық маңызы бар қала және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті.
Сайлау облыстың 11 ауданын қамтып, 24 ауылдық округ пен Сергеевка қаласында ұйымдастырылды.
Аудан әкімдері жергілікті қоғамдастық жиналыстарымен келісе отырып, бос орындарға 72 үміткерді ұсынды. Аумақтық сайлау комиссиялары 71 кандидатты тіркеді. Қажетті құжаттардың ұсынылмауына байланысты бір кандидатты тіркеуден бас тартылды.
Таңдаушылар тізіміне 124 аудандық мәслихаттың депутаты енгізілді. 14 сәуірде өткен сайлаушылар отырыстарына аудандық мәслихат депутаттарының 91,13 пайызы қатысып, таңдауларын жасады.
Сайлау қорытындысы бойынша 25 әкім сайланды, оның 5-уі – әйел. Орташа жас – 44-і құрайды. Бәрі жоғары білімді. 21 әкім “Nur Otan” партиясының мүшесі, қалғандары партияда жоқ.
Дауыс беру барысын “Nur Otan” партиясының 2, сонымен бірге кандидаттардың сенім білдірген 7 және бұқаралық ақпарат құралдарының 8 өкілі бақылады.
Сайлау науқаны кезеңінде аумақтық сайлау комиссияларына өтініштер түскен жоқ.
Облыстық сайлау комиссиясы.