«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жеңісті күндер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан спортшылары республикалық және халықаралық ареналарда ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. Олимпиада ойындары мен әлемдік додаларда көк туымыз сан мәрте желбіреп, әнұранымыз шырқалды.

Елімізде бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілуде. Өзге өңірлер сияқты, біздің облысымызда да спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігі артып отыр. Бүгінгі таңда дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын солтүстікқазақстандықтардың қатары өсе түсуде. Өзімнің кіндік қаным тамған Ақжар ауданында да спорттық нысандар бой көтеріп, жарыстарда атой салып жүрген спортшылар жетерлік. Өзім де алғашқы қадамдарымды ауданда жасаған болатынмын. Алдымен әкем Бекболат Рақымұлының қарамағында еркін күрес әліппесін үйренсем, кейін Петропавл қаласындағы облыстық спорт интернатында тәжірибелі бапкер Қонысбек Түкеновтің жетекшілігімен грек-грим күресінің қыр-сырын меңгердім. Нәтиже де көп күттірген жоқ. 2010 жылы Сингапурде өткен Жастар Олимпиадасында қола жүлдегер атандым. Жиырма жасымда Болгарияда жастар арасында өткен әлем чемпионатында да үздік үштікті түйіндедім. Бір жылдан кейін Венгрияда студенттер арасында өткен әлем біріншілігінде күміс медальға қол жеткізген болатынмын.

Тәуелсіздіктің арқасында өшкеніміз жанып, ескіміз жаңарды. Мұның бәрі егемендіктің арқасы деп білемін. Қазақ ұлдары әлі талай жарыста топ жарады, жүлде алады деген ойдамын. Егемендігіміз мәңгілік, жеңісті күндеріміз көп болсын!

Ақан БАЙМАҒАМБЕТОВ,

халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp