«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алысқа ұзай алған жоқ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Түнде белгісіз қылмыскер Қызылжар ауданының Кондратовка ауылындағы дүкендердің біріне терезеден кіріп, төлем терминалын бұзған. 250 мың теңгеден қағылған дүкен иесі полицияға жүгінген. Қылмыс орнына жедел-тергеу тобы, сондай-ақ, аудандық полиция бөлімінің басшылығы келген. Сол күні ауылдан темір жолға қарай беттеген екі күдіктіні көрген куәгер табылған. Күдіктілер Кондратовка ауылынан 3 шақырымдай жерде, темір жолдың бойында ұсталды. Біреуі бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны және есірткі саудасымен айналысқаны үшін бірнеше рет сотты болған 30 жасар жергілікті тұрғын болып шықты.

Сол күні таңертең Кондратовка станциясындағы қоймадан пойызды тоқтату үшін дабыл беруге арналған 12 петарданың ұрланғаны белгілі болған. Криминалист қаскөйдің іздерін жазбай таныған. Барлық белгі дүкендегі ұрлыққа қатысты адамдарға тиесілі екендігіне еш күмән болған жоқ. Күдіктілер кінәсін мойындаған. Ұрылар мас болғандықтан петарданың не үшін қажет болғанын және оларды қайда тастап кеткендерін түсіндіре алмады.

Бұрын сотты болған ауыл тұрғыны қылмыстық іс бойынша күдікті, ал оның серіктесі куәгер ретінде өтуде. Ұрланған ақшаның бір бөлігі мен екі петарда алынды, қалған мүліктер ізделуде.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp