«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НҰРҚОЖА — ЕКІ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында күрес түрлерінен өткен Азия біріншілігінде жерлесіміз Нұрқожа Қайпанов чемпион атанды. Сарықұрлықтың кілең мықтылары жиналған додада жеңіске жеткен солтүстікқазақстандық балуанды облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында құттықтады.

– Еркін күрестен өткен белдесулерде ел намысын абыроймен қорғаған жерлесімізді спорттық мансабындағы маңызды жеңісімен құттықтаймын. Осылайша, балуанымыз өңірдің күрес тарихында тұңғыш рет сарықұрлық біріншілігінде екі мәрте жұлдызы жанған спортшы атанып отыр. Нәтижесінде Нұрқожа Азияның ең мықты спортшысы мәртебесін растап, Токио олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды, – деп жазды Құмар Іргебайұлы.

Азия чемпионатында Нұрқожа Қайпанов 74 килограмм салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Алғашқы сында ол қырғызстандық Мансур Сырғақ Уулын 9:0 есебімен жеңсе, жартылай финалда Моңғолия елінің өкілі Сумиябазар Занданбудтан 4:2 есебімен басым түсті. Ал ақтық бәсекеде жерлесіміз ирандық балуан Мұстафа Хосейнханды 6:2 есебімен ұтты.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

СУРЕТТЕ: Н. Қайпанов бапкері С. Бейсембаевпен бірге.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp