«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАРТЫСТЫ ПІКІРСАЙЫС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада пікірсайыс турнирі өтті.

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, “Қазақстан болашағы үшін” қоғамдық бірлестігі және аталмыш кітапхананың қызметкерлері бірлесіп ұйымдастырған жарыста өңіріміздің білім ошақтарынан 8 команда бақ сынады. Британ парламенттік форматында ұйымдастырылған сайысқа қатысушылар “Есірткі қылмысымен күресте алдын алу шаралары тиімді” және “Саламатты өмір салтын ұстанбайтындарды тегін емдеуден бас тарту” тақырыптарын талқылады. Әрбір спикерге 5 минут уақыт берілді. Осы аралықта олар өз ойларының дұрыстығын дәлелдеуге тырысты.

Турнирдің қорытындысы бойынша №8 эстетикалық тәрбие беру мектеп-кешенінің командасы топ жарып, білім ошағының оқушысы Диана Травкова үздік спикер атанды. Ал Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжі мен лицей өкілдерінен жасақталған құрама екінші орынды иеленсе, “БЭСТ” гимназиясының оқушылары – үшінші орында.

Әсел ШАЙХИСЛЯМОВА,

Сәбит Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапхананың қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp