«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Еңбегі – жастарға үлгі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов облысы­мыздың құрметті азаматы, педагог, тарихшы Нэлли Иванованы 80 жасқа толуымен құттықтады.

– Жас ұрпақ үшін сіз секілді дұрыс бағыт-бағ­дар сіл­теп, ақыл айтатын аға буын өкілінің орны әрқашан бө­лек. Жастар өз жұмысы мен маман­дығына деген құштарлықты сізден үйренуі тиіс. Барлық жерлестеріміздің атынан сізге алғыс білдіремін, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін, – дей келе, Құмар Ақсақалов мерейтой иесінің өңіріміздің дамуына сүбелі үлес қосқанын атап өтті.

Кісіліктің көркем келбетіне қылау түсірмей, ізгіліктің шуағын шашып, жастарға үлгі-өнеге көрсетіп жүрген Нэлли Иванованы әріптестері мен жақындары да мақта­ныш етеді. Өз кезегінде Нэлли Александровна қуанышты күнде жанынан табылған жақындары мен жүрекжарды тілегін жеткізген жерлестеріне ризашылық білдірді.

– Менің туған күнім облыстың 85 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Тәуелсіздік жылдарында біздің өңірдің жет­кен жетістіктері көңіл қуантады. Алдағы уақытта тың жобалар сәтті жүзеге асырылып, еліміздің “солтүстік қақпасына” айналған облы­сымыздың одан сайын гүлдене түсетініне сенемін, – деді Нэлли Иванова.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp