«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАЙЫҚ!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданының жаста­ры “Қайырымды істер” республикалық марафонына қатысып, белсенділік танытуда. Жергілікті жастар ресурстық орталығы “Жақсылық жаса” акциясын ұйымдастырып, қолдауға мұқтаж жандарға көмек көрсетті.

Бүгіндері аудан жастарының бастамасымен 15 шаңыраққа қажетті азық-түлік пакеттері мен киім-кешектер табысталды. Белсенді ұл-қыздар Бескөл ауылындағы мұқтаж жандардан бөлек, алыс-жақын 7 ауылдың тұрғындарына демеуші бола білді.

Биыл Куйбышев және Вагулин ауылдық округтерінде екі бірдей бас­пана өртке оранған болатын. Салдарынан қос бірдей отбасы үй-күйсіз қалды. Бұл отбасыларға қол ұшын созу мақсатында қажетті киім мен әлеуметтік маңызы бар тауарлар сатып алынды. Аудандағы жомарт жандардың бірі зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетсе, енді басқалары қаржы жинап берді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp