«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жетінші орында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Футболдан Премьер-лига командалары 6-шы турды аяқтады. Солтүстікқазақстандық “Qy­zyljar” клубы 7 ұпаймен турнир кестесінің жетінші сатысына жайғасты.

Жерлестеріміз соңғы үш ойынның біреуін өз стадионында, екеуін сырт алаңда өткізді. Алдымен “Ақжайықпен” кездесіп, 0:1 есебімен жеңіске жеткен. Кейін “Ақтөбеден” ұтылды. Солтүстікқазақстандықтар бұл матчтың 90-шы минутына дейін жеңіп тұрған. Жалғыз голды Валерий Каршакевич салған. Алайда, Максим Фединді алмастырған Дидар Жалмұқан ойын аяқталар тұста таразы басын теңестірді. Жігерленген қонақтар төреші қосқан қосымша уақытта жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп 1:2.

6-шы тур ойынын жерлестеріміз Нұр-Сұлтанда “Астана” клубына қарсы өткізіп, азулы қарсыласқа 3:1 есебімен есе жіберді. Келесі ойын сәуірдің 24-іне жоспарланып отыр. “Qyzyljar” командасы өз алаңында талдықорғандық “Жетісуды” қабылдайды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp