«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавлда аттракциондар саябағы ашылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда аттракциондар саябағы ашылып, әткеншектер қауіпсіздік ережесіне сәйкес тексерістен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аттракциондар әлемі» Петропавлдағы орталық және Жеңіс саябақтарында жұмыс істейді. Бұл қалалықтардың, әсіресе балалардың сүйікті демалыс орыны. Мұндағы аттракциондар бірі қалмай тексеріліп, енді келушілерге қуаныш сыйлауға әзір.

«Қауіпсіздік қашанда бірінші орында болуы қажет. Аттракциондар пайдалану құжатына сәйкес максималды түрде жүктеліп, бір сағат бойы техникалық сынақтан өтеді. Біздің бас инженер және қауіпсіздік техникасы инженері аттракциондарды қауіпсіз пайдалану бойынша Мәскеуде арнайы курстан өтіп келді. Қалған мамандарымыз да үнемі білімін жетілдіріп тұрады», – дейді «Аттракциондар әлемі» ЖШС директоры Александр Козлов.

Былтыр аттракциондар саябағы карантинге байланысты жаз бойы жұмыс істемей, жабық тұрды. Тек маусым айында карантин талаптары жеңілдетілгенде 17 күнге ғана ашылды.

«Күз жылы болғандықтан былтыр 5 қазанға дейін жұмыс істедік. Осылайша шығындарымызда жабуға мүмкіндік болды. Биыл карантин әлі алынған жоқ. Сол себепті келушілерге бірнеше санитарлық талап қойылған. Ол маска кию, қолды дезинфекциялау және де әлеуметтік ара қашықтықты сақтау», – дейді Александр Козлов.

«Аттракциондар әлемінің» 50-ге жуық әткеншегі бар. Биыл кәсіпкер көгалдандыруға баса назар аударып, саябақты гүл бағына айналдырмақ. Осы мақсатта раушан гүлі мен 100 мың дана бір маусымдық гүл егіледі.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp