«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Төлем қабілетсіздігін реттеудің негізгі тәсілдері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының “Банкроттық және оңалту туралы” Заңына сәйкес борышкердің не­месе кредитордың оңалту рәсімін қолдануына, яки берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану ту­ралы сотқа өтініш беруіне бо­рышкердің уақытша төлем қабі­летсіздігі негіз болып табылады.

Егер борышкер барлық креди­торлармен төлем қабілетсіздігін реттеу туралы (мысалы, дисконт, берешекті төлеуді кейінге қал­дыру және өзге де жолдармен) ке­лісуге қабілетті болса, онда бере­шекті қайта құрылымдауға мүм­кіндік тууы мүмкін.

Рәсім барысында борышкер сотқа жүгіну құқығына ие болады, сот он жұмыс күні ішінде шешім шы­ғарады және борышкерге кре­диторлармен берешекті реттеу туралы келісімге қол жеткізу үшін екі ай мерзім береді.

Егер борышкер екі ай мерзімде кредиторлармен келісім жасаса, бұл келісім соттың бекітілуіне бе­ріледі. Одан кейін борышкер келі­сімнің қолданылу кезеңінде кре­диторлардың талаптарынан қор­ғалады, тұрақсыздық айыбынан, сыйақыдан босатылады, бо­рыш­керге қатысты сот актілерінің орын­далуы тоқтатылады және т. б. шаралар жүзеге асырылады.

Қайта құрылымдау рәсімі бо­рышкерге келісімді орындау ба­рысында берешекті өтеуге мүм­кіндік береді. Келісім талаптарын дұрыс орындамау оның бұзы­луына әкеп соқтырады, бұл кезде борышкер жоғарыда көрсетілген қорғау шараларынан айырылып қалуы ықтимал.

Оңалту рәсімі барысында бо­рышкер әр несие берушімен қа­рызды реттеу туралы келісе ал­майтын жағдай туындауы мүмкін. Бұл кезде осы рәсімге сәйкес бо­рышкер немесе несие беруші сот­қа өтінішпен жүгінеді. Сот тал­қылауы барысында борышкерге қатысты оңалту рәсімін енгізу үшін негіздердің болуы/болмауы ту­ралы мәселе шешіледі. Бұл үшін уақытша әкімшілікке тарты­ла­ды, ол борышкердің қаржылық жағ­дайын зерделейді және бо­рыш­керді оңалту үшін негіздердің бо­луына/болмауына қатысты пікі­рін білдіреді.

Егер сот арызды қанағаттан­дыр­са, борышкерге және креди­торларға оңалту жоспарын жасау мен бекіту үшін үш ай мерзім (жос­парда берешекті өтеу үшін бо­рыш­кер қолданатын шаралар, сон­дай-ақ кредиторлар алдын­дағы берешекті өтеу мерзімдері көзделеді) беріледі. Оңалту жос­пары кредиторлардың көпшілік дауысымен (бір теңге – бір дауыс қағидаты бойынша) бекітіледі. Оңалту жоспарын бекітпеу оңалту рәсімін тоқтатуға әкеп соқтыруы ықтимал.

Оңалту рәсімі шеңберінде бо­рышкер кредиторлардың талап­тарынан қорғалады. Өсімпұл­дар­ды, айыппұлдарды есептеу, сон­дай-ақ, борышкерге қатысты сот актілерінің орындалуы тоқтатыла тұрады. Борышкерге талаптар тек оңалту рәсімі шеңберінде ғана қойылуы мүмкін. Борышкер оңал­ту жоспарына сәйкес қызметін жал­ғастыру мүмкіндігіне ие бола­ды. Сонымен қатар, оған, мысалы, жаңа мәмілелер жасасу сияқты елеулі шектеулер қойылады.

Людмила БРЫКСИНА,

“СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті” РММ-і оңалту және банкроттық бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp