«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тың бастама

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Біздің шаруашылық облыста бірінші болып биыл гидропоника әдісімен мал азығын дайындауды қолға алды. Арпа тұқымын топырақсыз өсіріп, экологиялық табиғи таза өнім алуға болатынын тәжірибе жүзінде сынап көруді ұйғардық. Тың технологияны өндіріске енгізіп едік, нәтижесі біз күткендегіден де асып түсті. 1200 сиырдың күйлі де сүтті болуына айтарлықтай әсер етті.

Қарапайым тілмен ұғындырсақ, гидропоника дегеніміз – өсімдіктерді топырақсыз, жасанды ортада, яғни қоректік заттардың судағы ерітіндісінде өсіріп шығару. Арпа тұқымынан жасалған құнарлы мал азығын кез келген түлік сүйсініп жейді. Шаруашылық үшін де өте тиімді. Дайындау әдісі қарапайым. Арпа дәндері күні бойы суға батырылып, бөктіріліп қойылады. Ас содасы мен әк қосылады, ол бактериядан қорғайды. Ыдыстарға салынған арпа небәрі 7 күннің ішінде жап-жасыл шөп болып шығады. Оның тамырында протеин пайда болады. Бұл – малға нағыз дәрумен. Топырақсыз ортада өскен өсімдік қоректік заттарды тамырына түгел сіңіреді. Бір килограмм арпа 4 есе болып өнеді. Қазір бір тонна арпадан 4 тоннаға жуық жем алынып жүр. Айына 120 тоннадай әзірленеді.

Бұл мал азығының тиімділігі орасан зор. Бүгінде жемнің бағасы өте қымбат. Қорек дұрыс болмаса мал арып, қысыр қалады. Залал тіпті ұлғаяды. Осыдан кейін мал азығын өндірудің оңтайлы жолдарын іздестіре келіп, осы гидропониканы таңдадық. Қысқа мерзімде құнарлы әрі мол өнім береді.

Марат ШӘПЕНОВ,

“Бекет” шаруа қожалығының басшысы.

Ақжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp