«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 24.04.2021

Үйге жеткізіп береді

Өткен жылдың қазан айында “Электрондық үкімет” порталында мемлекеттік нөмірлерді және да­йын көліктің техникалық паспор­тын үйге жеткізу бойынша жаңа сер­вис пайда болды. Енді автокө­лікті онлайн қайта тіркеген автокө­лік иелері көлік құралын тіркеу ту­ралы куәлік пен нөмірлерді алу үшін мамандандырылған Халық­қа қызмет көрсету орталығына бар­мауларына да болады. Өті­нім­де көрсетіленген мекенжай бо­йын­ша қызметалушыға жеткізіле­ді. Сервисті іске қосқан сәттен …

Үйге жеткізіп береді Read More »

Ажары қалаға бергісіз

Аудан орталығы – Смирново ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай бет алдық. Бағытымыз – көптің аузында жүрген Полтавка ауылы. Тақтайдай тегіс асфальтпен жүйткіген көлік әп-сәтте діттеген жерге жеткізді. Көптеген ірі елді мекендер жабылып жатқанда аудан орталығынан 20 шақырымда орналасқан қалаға бергісіз ажарлы ауыл Тәуелсіздік жылдары керісінше гүлдене түскен.

АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ

Тұғырлы тәуелсіздіктің арқасында ел жастары айтулы белестерге қол жеткізуде. Замандастарымның сапалы білім алуына, ойлаған армандарының жүзеге асуына барлық мүмкіндіктер жасалуда. Тәуелсіз елімізде оқу оқимын, жұмыс істеймін деген адамға шектеу жоқ. Біз сол мүмкіндікті мүлт жібермеуге тиіспіз.

ТӘУЕЛСІЗДІК ШАПАҒАТЫ

Тәуелсіз елімізде кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмекке дән ризамын. Дамыған елдерде шағын бизнес экономиканың тірегі саналады. Яғни, шағын және орта бизнес өркендесе, халық іспен шұғылдануға бейімделсе, ел экономикасы артады. Бүгінде кәсіпкерлікте жастардың ынтасы жақсы. Тоқсаныншы жылдармен салыстырғанда, шағын және орта бизнес кең қанат жайды. Мен 2003 жылы оңтүстік өңірден …

ТӘУЕЛСІЗДІК ШАПАҒАТЫ Read More »

ҮЗДІК КІТАПХАНА

Кітапхана – руханият айнасы. Өркениет дамуында оның орнын ештеңе де алмастыра алмайды. Биылғы жыл елімізде балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы деп жарияланды. Демек, азат елдің ұрпағын білімді, парасатты қылып тәрбиелеуде кітапханаларға артылар жүк ауыр.

АЗАТТЫҚТАН АСҚАН ҚҰНДЫЛЫҚ ЖОҚ

Аққайың ауданы – жауға қарсы қол бастаған Жансүгір батырдың жамбасы жерге тиген, Кеңес Одағының Батыры Андрей Хименко, ғалым, академик Уфа Ахмедсафин, техника ғылымдарының докторы Қайырбек Оразов, Социалистік Еңбек Ерлері Әбу Сыздықов, Петр Филиппенко, Руслан Бекузаров пен Қазақстанның Еңбек Ері Геннадий Зенченко сынды қайраткерлерді құндақтаған, әлемді аузына қаратқан актриса Самал Есләмовадай дарынды дүниеге әкелген құт мекен. …

АЗАТТЫҚТАН АСҚАН ҚҰНДЫЛЫҚ ЖОҚ Read More »

Жарқын күндеріміз алда

Тоқсаныншы жылдардың басындағы экономикалық тоқырау бәрімізді тұралатып кетті. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс пен тағы басқа салалар көз алдымызда күйрегенін көрдік. Бірақ жігеріміз жасыған жоқ. Себебі, азат ел атандық, демек, мұның бәрін қайтадан қалпына келтіріп алуымызға болады. Тәуелсіздік – біз үшін ең басты құндылық. Ата-бабамыз сан ғасырлар бойы соған қол жеткізу үшін жан алысып, жан берісті. …

Жарқын күндеріміз алда Read More »

Таңдаулары – теріскей

Соңғы жылдары “Еңбек” бағдарламасы аясында жұмыс күші көп облыстардан өңірімізге қоныс аударушылардың қатары қалыңдай түсті. Мемлекеттің қолдауымен 2019 жылы өңірімізге көшіп келген Алтаевтар әулеті қазіргі таңда Қызылжар ауданындағы Подгорное ауылында тұрып жатыр.

ӨҢІРДІҢ АТЫМТАЙ-ЖОМАРТЫ еңбек ардагеріне “темір тұлпар” мінгізді

Облыс өмірінің қыж-қыж қайнап жататын қым-қуыт тіршілік ортасынан табылатын ардагерлер кеңесі мүшелерін еңсесін тік ұстаған, бойынан қуат кетпеген, жанарынан жалын өшпеген құдды қарт сарбаз дерсің. Қашан көрсең де, тыным таппастан әлдебір игілікті істерге мұрындық болып, жарғақ құлақтары жастыққа тимей жүргені. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жұртшылық үшін тағылым боларлық, өнеге аларлық соны бастамалар қолға алынды. …

ӨҢІРДІҢ АТЫМТАЙ-ЖОМАРТЫ еңбек ардагеріне “темір тұлпар” мінгізді Read More »

Жаңа ұйымға жүктелген міндет

Өңірімізде педагогтардың кәсіптік қызметін реттейтін, олардың құқықтарын қорғап, әдеп нормаларын бұзу­дың алдын алатын жаңа ұйым пайда болды. Бұл туралы облыс­тық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Айнагүл Сұрағанова қашықтан өткен брифинг ба­рысында айтты.

ШАРУАЛАР НАУҚАНҒА ӘЗІР

Бүгінгі күні өңір диқандарының көктемгі егіс науқанына сақадай сай дайын отыр десек, қателеспейміз. Яғни, тракторлар, топырақ өңдейтін және егін егетін техникалар алқаптарға шығуға әзір. Солтүстікқазақстандық шаруалар жауапты науқанды мамыр айының екінші онкүндігінде бастамақ. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мамандары хабарлады.

Көлік құралының электрондық паспорты

2021 жылғы 1 сәуірден бастап “Ұлттық ақпараттық технологиялар” акционерлік қоғамы Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстан Республикасының барлық аумағында “Көлік құралының электрондық паспорты” ұлттық жүйесін іске қосты. Электрондық құжат меншік иесінің қалауы бойынша жаңа және әкелінетін автомобильдерге, тіркелген автомобильдерге ресімделетін болады. Көлік құралдарын цифрландыру “темір тұлпардың” қолданылу циклін …

Көлік құралының электрондық паспорты Read More »

Алда — олимпиада сыны

Облыстық әкімдікте Азия біріншілігінің екі дүркін чемпионы Нұрқожа Қайпановты марапаттау рәсімі өтті. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов бәсі биік сайыста ел намысын абыроймен қорғап, алтыннан алқа тағынған жерлесімізге 1 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.

НЕГІЗГІ САЛАЛАРДА ӨСІМ БАР

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында биылғы жылдың алғашқы үш айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджеттің кірісі мен шығысы және көктемгі егіс науқанына дайындық барысы талқыланды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: “БІЗГЕ САПАЛЫ СЕРПІН КЕРЕК”

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің кезекті отырысын өткізді. Мемлекет басшысының төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бесінші отырысы онлайн форматта өтті.

АКТЕРДІҢ ҚИЛЫ ТАҒДЫРЫ

Сәбит Мұқанов атындағы об­лыс­тық қазақ-сазды драма теат­рында “Актердің өлімі” атты спек­такльдің тұсаукесері өтті. Спектакльдің қоюшы режиссері – актер Думан Әдікенов.

Есірткі жасайтын зертхана

Облысымызда есірткі өндіретін шағын зертхана әшкереленді. Жуырда есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталған болатын. Полицейлер тінту кезінде одан он бес түйіншекті тәркілеген. Сараптама нәти­жесінде оның ең қауіпті синтетикалық “мефедрон” екені анықталған.

Көлігімен су астына кетті

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкер­лері Есіл өзеніне батып кеткен “Toyota Surf” ав­то­көлі­гін алып шықты. Оқиға Қызылжар ауданын­дағы Крас­ный Яр ауылының маңында болған. Алдын ала болжам бойынша Петропавл қаласының екі тұрғыны 21 сәуір күні балық аулауға шыққан. Олар түнгі сағат 11-лер шамасында күн суытқасын көлікті оталдырып қойып, ішінде ұйықтап қалады. Осы кезде жағада тұрған кө­лік …

Көлігімен су астына кетті Read More »

Тұрсынов – түйе балуан!

Қарағанды қаласында қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайт­пасұлының 150 жылдығына арналған “Сарыарқа батырлары” атты республикалық турнир өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 200-ден астам балуан қатысты.

ӨҢІР ТАРИХЫ — АРХИВ ДЕРЕКТЕРІНДЕ

Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін әр аймақ өзінің тарихын зерттеуге ерекше құлшыныспен кірісті ғой. Өлкеміздің сан ғасырлық тарихындағы қатпарлы құпияның бетін ашып, жабулы жұмбағын шешу, шыңырау түбінде қалған шындықты шығару – әрқайсысымыздың перзенттік борышымыз, ұрпақ алдындағы парызымыз.