«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АКТЕРДІҢ ҚИЛЫ ТАҒДЫРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы об­лыс­тық қазақ-сазды драма теат­рында “Актердің өлімі” атты спек­такльдің тұсаукесері өтті. Спектакльдің қоюшы режиссері – актер Думан Әдікенов.

Әлем әдебиетінің классигі, орыс жазушысы А.Чеховтың “Ак­тёрская гибель” әңгімесінің желі­сі бойынша сахналанған қойы­лым – Думан Әдікеновтың ал­ғашқы режиссерлік жұмысы. Он­да шие­леніскен тағдыр тартысы сурет­теледі.

Қойылымға шығармашылық сәтсіздіктерін ауыр қабылдаған Щипцов дейтін актердің ішкі сы­ры, мұңды өмірі арқау болған. Психологиялық құрылымы те­рең бұл қойылым көрерменді үл­кен ойға батырды. Актерді ауру­ға душар еткен – ішкі күйзеліс. Өнерде биік белестерге қол жет­кізіп, атақ-абыройы аспан­дап тұрса да, актердің өмірі сүреңсіз әрі мәнсіз еді. Ол соған күйінді. Актер де адам баласы. Ет пен сү­йектен жаралған пендеге әлсіз­дік, жалғыздық, қуаныш пен қай­ғы тән. Бұл сезімдерді өмірде әр адам бастан кешіреді емес пе? Режиссер де осыны көрсетуді мақсат еткендей. Бір адамның тағдыры арқылы тұтас қоғамның шынайы өмірін суреттеген спек­такльде эмоция басым. Күлкі мен қуаныш, әділетсіздік пен ша­расыздық бір-бірімен шебер үй­лесім тапқан. Жалғыздық пен ба­қытсыздықтан күйінген өнерпаз­дың тағдыры трагедиямен аяқ­талады.

Бұл қойылым – шығармашы­лық ұжымның ортақ еңбегі. Әсі­ресе, тамаша қойылымды кө­рер­мен назарына ұсынуда жас ак­терлердің еңбегі ерен. Щип­цовтің рөлін Эланар Кенжебе­ков сомдады.

– Бұл қойылымды сах­на­лауға бірер ай дайындалдық. Әр жұ­мыстың өз қиындығы бо­ла­ды. Ке­йіпкер бейнесін ашу оңай емес. Алғашқы режиссер­лік жұ­мысым көптің көңілінен шық­са, сол қуа­ныш. Мүмкіндік бол­са, бұл жұ­мыс­ты одан ары жал­ғас­тыру ой­да бар, – деді Думан Әді­кенов.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp