Облысымызда есірткі өндіретін шағын зертхана әшкереленді. Жуырда есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталған болатын. Полицейлер тінту кезінде одан он бес түйіншекті тәркілеген. Сараптама нәтижесінде оның ең қауіпті синтетикалық “мефедрон” екені анықталған.
Күдікті есірткі сату жұмысын “телеграм” желісі арқылы тапқанын айтқан. Көп ұзамай полиция осы желінің ұйымдастырушысын қолға түсірді. Бірінші ұсталған жігіт тауарды осы адамнан алғанын мойындады. “Сатушының” жалдамалы пәтерінен тәртіп сақшылары есірткі өндіретін шағын зертхана мен 160 грамм синтетиканы тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар Петропавл қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ерлан МАХМЕТОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.