«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңа ұйымға жүктелген міндет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде педагогтардың кәсіптік қызметін реттейтін, олардың құқықтарын қорғап, әдеп нормаларын бұзу­дың алдын алатын жаңа ұйым пайда болды. Бұл туралы облыс­тық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Айнагүл Сұрағанова қашықтан өткен брифинг ба­рысында айтты.

“Педагог мәртебесі туралы” Заң­ның жаңашылдықтарының бірі – білім беру ұйымдары педагогтары­ның құқықтарын қорғау және педа­гогикалық әдеп мәселелері жөнін­дегі кеңесші органдардың құры­луы. Аталған ұйым өткен жылы қа­натқақты жоба ретінде Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істеді. Биыл ел өңірлерінде, соның ішінде біздің об­лыста құрылды. Оның құрамында білім беру саласының ардагерлері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті кәсіпкер­лер палатасы, салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік ода­ғының облыстық ұйымы, білім бас­қармасы, Петропавл қалалық білім бөлімдерінің өкілдері мен мұға­лімдер бар.

– Кеңесші органға бірқатар мін­деттер жүктелген. Кеңес мүшелері білім беру ұйымдары жанынан құ­рылған әдеп жөніндегі кеңес­тердің жұмысына да мониторинг жүргі­зе­ді. Мәселен, наурыздың 29-ы мен сәуірдің 8-і аралығында өткізілген мониторингтің нәтижелері бойын­ша семинар өткізілді. Тиісті ұйым­дарға осы бағыттағы жұмысты жақ­сарту бойынша ұсыныстар берілді, – деді Айнагүл Сұрағанова.

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес өңіріміздегі 559 білім беру ұйымында құрылды. Олардың дені мектептерде жұмыс істеуде. Соны­мен қатар, қосымша білім беру, мек­тепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында, техникалық және кә­сіби білім беру мекемелерінде, пси­хологиялық-педагогикалық түзету ка­бинеттерінде де бар. Осы уақыт­қа дейін кеңесші орган 875 отырыс өт­кізіп, 42 өтінішті қарады. Мұға­лім­дер көбінесе әріптестерімен және басшылықпен арадағы келіс­пеушіліктерге қатысты мәселелер­ге шағымданыпты.

– Кеңес мүшелері тек ұсыныс­тар жасауға құзырлы. Олардың не­гізінде білім беру ұйымының бас­шысы мұғалімді тәртіптік жауапқа тарту туралы акт қабылдайды. Ұс­тазға қатысты талқылаулар және олардың негізінде қабылданған шешімдер тек аталған тұлғаның ке­лісімімен ғана жариялануы мүмкін, – деді Айнагүл Сұрағанова.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp