«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘУЕЛСІЗДІК ШАПАҒАТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәуелсіз елімізде кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмекке дән ризамын. Дамыған елдерде шағын бизнес экономиканың тірегі саналады. Яғни, шағын және орта бизнес өркендесе, халық іспен шұғылдануға бейімделсе, ел экономикасы артады. Бүгінде кәсіпкерлікте жастардың ынтасы жақсы. Тоқсаныншы жылдармен салыстырғанда, шағын және орта бизнес кең қанат жайды. Мен 2003 жылы оңтүстік өңірден Аққайың ауданына көшіп келдім. Өзімнің іскерлік қабілетімді сынағым келіп, 2010 жылы азық-түлік дүкенін аштым. Бастапқыда шаруаны ұршықша иіріп әкету оңай болмады. Бұрын-соңды кәсіппен айналысқан адам емеспін. Қазір азық-түлік дүкенінен бөлек, дәмхана, техникалық қызмет көрсету станциясы жұмыс істейді. Барлығын басынан бастап үйрендім. Қазір сол қиындықтардың бәрі артта қалды.

Қазақстанда кәсіпкерлердің алаңсыз жұмыс істеуіне бар жағдай жасалуда. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылға дейін шағын кәсіпкерлікті тексеруге мораторий жариялады. Бұл пандемия жағдайында біздерге жасалған үлкен көмек. Алдағы уақытта ет сататын дүкен ашуды жоспарлап отырмын. Сондай-ақ, пластикалық терезе жасайтын цехты іске қосу ойда бар.

Қазір қол қусырып отыратын заман емес. Бүгінде Смирново ауылында 10-15 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Балаларым да жоғары оқу орындарында білім алып, бүгінде әр салада еңбек етуде. Еліміз егемендік алмағанда, біз мұндай жетістіктерге қол жеткізуіміз екіталай еді. Ырысы мен ынтымағы, берекесі мен бірлігі жарасқан елде табысты жұмыс істемеу мүмкін емес. Көк аспанда байрағымыз желбіреп, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болса екен деп тілеймін.

Қожабек ҮСЕНОВ,

жеке кәсіпкер.

СУРЕТТЕ: жеке кәсіпкер Қ.Үсенов.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp