КІМДІ КІНӘЛАРЫМДЫ БІЛМЕЙМІН
Өмір деген сынақтардан құралған, Бірі шыдап, ал біреулер құлаған. Қуанғандар бақытты өмір сүруде, Құлағандар іштен, тынып, жылаған, – деп ақын жырлағандай, Олжас Кәрімовтің (аты-жөні өзгертілді) өмір жолы да қуаныш пен қайғыға, өкініш пен үмітке толы. Әркімге ой салатын тағдыр иесінің жан сырын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.