«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ САП ТҮЗЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департа­мен­тінің бастығы, полиция пол­ковнигі Марат Төлебаев облыс­тық полиция департаменті 3 жеке құрамының саптық байқауын өт­кізді. Басқарма бастықтары об­лыс­тық аппараттың, қалалық по­лиция ведомствосының, патруль­дік полиция батальонының және мамандандырылған күзет қыз­ме­ті басқармасының қызметкерлері санитарлық нормаларды сақтай отыра, сапқа тұрғызылды. Об­лыс­тың бас полицейі Марат Тө­лебаев сапта тұрған әр офицер мен сержанттың сыртқы келбеті мінсіз болуы керек екенін атап өт­ті. Бұл, әсіресе, халыққа тікелей қызмет көрсететін патрульдік жә­не ювеналдық полиция қызмет­керлеріне, учаскелік инспектор­ларға қатысты.

Жарғыны білу, қызметтік құ­жат­тарды, киімді тексеру саптық байқаулары жылына екі рет өт­кі­зіледі. Сыртқы келбет пен амуни­ция­дан басқа, қызметкерлердің саптық дайындықтары да тексе­рілді. Алаңда үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен полицейлер салтанатты түрде сап түзеп, кейін өздерінің қызмет орындарына тарасты.

Петропавл қаласындағы қо­ғам­дық тәртіп пен жол қауіпсіз­ді­гін сақтауға екі ауысымда бір жүз­ден астам полицей шығады. Күн­діз патрульдік полиция баталь­онының 15 автопатрулімен бірге көшедегі тәртіпті 5 жаяу жасақ пен стационарлық модульдік бе­кеттерде кезекші 5 офицер ба­қылайды. Кешке және түнде – 16 автопатруль, 4 стационарлық бе­кет, сондай-ақ, түнгі сағат 23-ке де­йін кезекшілік ететін үш жаяу жа­сақ бар. Жыл басынан бері об­лыста патрульдік-бекет жасағы 600-ден астам түрлі құқық бұзу­шы­лықтарды анықтады.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp