«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІЛ АРНАСЫНАН АСТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласы маңында Есіл өзенінің тасуы қауіпті деңгейге жетті. Жабай мен Колутон өзендерімен молайға­н су кей жерлерде арнасынан асқан. Мәселен, 26-сәуірде Новоникольск ауылы маңын­да 1346 сантиметрге дейін көтерілген болатын, қазір аздап түсуде. Ал Петропавл маңында 1 тәулікте 9 сантиметрге көтеріліп, 1009 сантиметрге жеткен. Сондай-ақ, ағыстың төменгі жағында да біртіндеп су деңгейі жоғарылап барады, Долматово елді мекені жанында 14 сантимерге дейін көтерілді. “Қазгидромет” кәсіпорны мамандарының айтуынша, Петропавл бөгетіндегі қауіпті деңгейге дейін әлі 41 сантиметр бар, яғни негізгі шарықтау шегіне жеткен жоқ.

Қазіргі күні халықаралық маңызға ие Новосібір-Челябі тас жолының бір бөлігін су ба­сып, айналма жол жабылған, ол жерде поли­ция мен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тәулік бойы кезекшілік атқаруда. Заречный кентіндегі 14 саяжай бірлестігіне қарасты 1495 учаске су астында қалған.

Жалпы, облыс бойынша жағдай тұрақталды. Кіші өзендер өз арнасына түсті. Сондай-ақ, жыл сайын әбігерге салатын Үлкен Тораңғұл көлі де биыл тосын мінез көрсеткен жоқ, соңғы тәулікте су деңгейі бірқалыпты. Мамандардың айтуынша, биыл тез еріп, топыраққа сіңіп кеткен. Сөйтіп жағдай тез тұрақталды.

Сағындық МАУҒАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp