«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” кодексінің 1-бабы бойынша көпбалалы отбасылар тізіміне құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техни­калық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жо­ғары оқу орнынан кейінгі білім бе­ру ұйымдарында күндізгі бөлімде білім алатын балалары бар отба­сылар кіреді.

Қазақстан Республикасының “Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы” 2005 жылғы 28 маусым­дағы №63 Заңына сәйкес көпба­лалы отбасыларға мемлекет тарапынан ай сайын мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындауға өтініш беру кез келген уақытта қандай да бір мер­зіммен шектелмей жүзеге асы­рылады. Жәрдемақы өтініш жаз­ған күннен бастап тағайындала­ды. Ол барлық қажетті құжаттар болған кезде беріледі. Растаушы құжаттарды ұсынбаған немесе анық емес деректері бар құжат­тарды ұсынған адамдарға жәр­демақы тағайындалмайды.

Көпбалалы отбасына беріле­тін жәрдемақы мөлшері респуб­ли­­ка­лық бюджет туралы заңна­маға сай тиісті қаржы жылына бел­гі­ленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруін ескере оты­рып, отбасындағы бала санына байланысты төленеді, яғни төрт балаға – 16,03 айлық есептік көр­сеткіш, бес балаға – 20,04 айлық есептік көрсеткіш, алты балаға – 24,05 айлық есептік көрсеткіш, жеті балаға – 28,06 айлық есептік көрсеткіш, сегіз және одан көп балаға – әрбір балаға 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалып, төленеді. 2021 жы­лы төлем мөлшері балалардың санына байланысты 46 760 теңге­ден (4 бала) 81 852 теңгеге (7 ба­ла) дейін белгіленді, ал 8 балаға – 93 344 теңге, 9 балаға – 105 012 теңге, 10 балаға – 116 680 теңге, 11 балаға – 128 348 теңге, 12 ба­лаға – 140 016 теңге, 13 балаға – 151 684 теңге, 14 балаға – 163 352 тең­ге, 15 балаға – 175 020 теңге, 16 балаға – 186 688 теңге бері­леді.

2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағ­дай бойынша облыста 3820 көп­балалы отбасы мемлекеттік жәр­демақы алады. Республикалық бюджеттен жыл басынан аталған жәрдемақыға 777,6 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалды.

Мемлекеттік корпорацияға жәр­демақыны тағайындау тура­лы өтінішпен бірге мына құжаттар қоса беріледі:

1) жеке басын куәландыра­тын құжат;

Қандас мәртебесі бар адам­дар қандас куәлігін ұсынуы тиіс;

2) балалардың туу туралы куә­ліктері;

Өтініш беруші мен баланың құ­жатындағы мәліметтер сәйкес кел­меген жағдайда, неке қию, не­кені бұзу туралы куәлікті ұсынуы тиіс.

Бала қамқоршылыққа алынған немесе баланы асырап алған жағ­дайда растайтын құжаттар талап етіледі.

3) Отбасы құрамындағы 18 жас­тан 23 жасқа дейінгі балалар күндізгі бөлімде оқыса, онда жыл сайын оқу орнының анықтамасын ұсынады.

Кенжегүл ХАМЗИНА,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp