«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАМБУРДА ТЕМЕКІ ТАРТҚАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2021 жылдың басынан бері кө­ліктегі полицейлер түрлі әкімші­лік құқық бұзушылықтар жасаған 16119 адамды, оның ішінде қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 338 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.

“Нұр-Сұлтан – Петропавл” бағытындағы пойызды тексеру кезінде тамбурда темекі шеккен Қарағанды облысының 28 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің тиісті бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, 15 айлық есептік көрсеткіш (43755 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Үстіміздегі жылдың 27-29 сәуірі аралығында еліміздің темір жол және әуе көліктерінде құқық­тық тәр­тіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ішкі істер министрлі­гі көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Нұржан ӘЛІБАЕВ,

көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp