«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қару сақтау қауіпті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облысымызда тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсыру жөніндегі акция өз мәресіне жетіп, бөлінген қаражат толықтай игерілді. Тапсырылған қарулардың қылмыс жасауға қолданылмағандығын растайтын сараптамалар жасалуда. Сараптама қорытындысы бойынша сыйақының сомасы белгіленетін болады.

Акция шарттарына сәйкес, қарудың қылмыс­тарға қатысы болмаса, полицейлер қарудың қайдан алынғаны туралы сұрамайды. Адамдар өздері оларды қайдан алғандары жайлы түсінік беріп жатады. Көп жағдайларда олар орманнан немесе Есіл өзенінен тауып алғандарын айтып ақталады. Екі адам аңшы қаруын үйлеріндегі ескі қора-қоп­сыны бұзған кезде тауып алған. Үш адамда қайтыс болған ата-аналарынан қалған. Мысалға, Булаево қаласының тұрғыны 1995 жылдан бері “БМ-16” қосауызды мылтығын әкесінің көзі ретінде сақтаған. Полицейлердің практика­сында мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Аң­шылықпен айналыспайтындар және қаруды “естелік” ретінде сақтаушылар патрондарын заңсыз сақтағаны үшін де жауапкершілік бары туралы ойланбайды. Мәселен, Тайынша ауданының тұрғыны Польшаға тұрақты тұруға кеткен досы қалдырған 16 калибрлі “ИЖ” маркалы қос қаруды екі жылға жуық сақтаған.

Акция аясында барлығы 5 травматикалық, 16 тегіс ұңғылы қару мен “ТОЗ” маркалы 2 винтовка тапсырылды.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp