«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құтқарушы арулар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте ерлермен қатар нәзік жандар да табысты еңбек етуде. Әдет­те өртке қарсы қызмет туралы айтылғанда көз алдымызға жапа шегушілердің өмірі үшін қызыл жалынмен күресіп жатқан құтқарушының батыл бейнесі елестейді. Бірақ олардың жұмысы әйелдердің көмегінсіз болмайды.

Ведомствоның жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Евгения Трефилова мен өрт сөн­ді­ру және апаттық құтқару жұ­мыстары қызметінің өрт сөндіру-байланыс пунктінің қызметкері Наталья Бигельдинованың еңбе­гін ерекше атап айтуға болады. Өз ісінің білікті маман­дары Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Төтенше жағдай ми­нистрі Юрий Ильиннің Алғыс хат­та­рымен марапатталған бола­тын.

Евгения Юрьевна азаматтық қорғау саласында 25 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол 1993 жылы департаментте азаматтық қорғау штабының маманы ретінде еңбек жолын бастаған. Білікті маман өз қызметіне адалдығымен, жауап­кершілігімен ұжымға сыйлы.

Наталья Бигельдинова – кәсіп­қой диспетчер. Ол мектепті аяқ­таған соң ауыл шаруашылығы тех­н­икумына оқуға түсіп, мал дәрі­гері мамандығы бойынша 17 жыл қызмет істеп, кейін №5 маман­дандырылған өрт сөндіру бөлімі­нің радиотелефонист болып ор­наласады. Қызмет өтілі он екі жыл­дан асты.

Амангелді ӘУЕСХАНОВ,

өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы.

СУРЕТТЕ: өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қыз­метінің өрт сөндіру байла­ныс пунктінің қызметкері Н.Би­гель­динова.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp