Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте ерлермен қатар нәзік жандар да табысты еңбек етуде. Әдетте өртке қарсы қызмет туралы айтылғанда көз алдымызға жапа шегушілердің өмірі үшін қызыл жалынмен күресіп жатқан құтқарушының батыл бейнесі елестейді. Бірақ олардың жұмысы әйелдердің көмегінсіз болмайды.
Ведомствоның жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Евгения Трефилова мен өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндіру-байланыс пунктінің қызметкері Наталья Бигельдинованың еңбегін ерекше атап айтуға болады. Өз ісінің білікті мамандары Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің Алғыс хаттарымен марапатталған болатын.
Евгения Юрьевна азаматтық қорғау саласында 25 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол 1993 жылы департаментте азаматтық қорғау штабының маманы ретінде еңбек жолын бастаған. Білікті маман өз қызметіне адалдығымен, жауапкершілігімен ұжымға сыйлы.
Наталья Бигельдинова – кәсіпқой диспетчер. Ол мектепті аяқтаған соң ауыл шаруашылығы техникумына оқуға түсіп, мал дәрігері мамандығы бойынша 17 жыл қызмет істеп, кейін №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонист болып орналасады. Қызмет өтілі он екі жылдан асты.
Амангелді ӘУЕСХАНОВ,
өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы.
СУРЕТТЕ: өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндіру байланыс пунктінің қызметкері Н.Бигельдинова.