«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңірде 25 мыңға жуық адам коронавирус вакцинасын алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысына ақпан айынан бері 65 мыңнан астам доза коронавирус вакцинасы жеткізілсе, соның 2 мыңы – отандық препарат», деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісовтің айтуынша, қазір солтүстікқазақстандықтарда таңдау бар, олар қазақстандық немесе ресейлік вакцинаны салдыра алады. 26 сәуірде өңірге тестілеу мен тексерудің барлық кезеңдерінен өткен отандық «QazVac» препаратының алғашқы партиясы жеткізілді. Екі күннің ішінде қазақстандық вакцинаның бірінші компонентін 463 солтүстікқазақстандық алды.

«Асқынулар тіркелген жоқ. Жаңа вакцина болғасын сенімсіздікпен қарайтындар бар. Дәл сондай көзқарас бастапқыда «Спутник V» вакцинасына да болған еді. Жалпы «QazVac»-тың артықшылығы көп. Оны ресейлік препаратқа қарағанда тасымалдау, сақтау жеңіл. Сондықтан қолдану да ыңғайлы», – дейді Құмар Күсемісов.

Ресейлік «Спутник V» вакцинасын 24 705 адам алды, олардың 6 800-ге жуығына препараттың екі компоненті де қойылды.

Ал 30 қазанда елімізге қытайлық вакцина жеткізілмекші. Бұл препарат та адамның таңдауына қарай қойылады.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp