«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Басқармаға бағынады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биылдан бастап білім беру саласын бас­қару жүйесі өзгереді. Аудандық және қалалық білім бөлімдерін қаржыландыру және бас­қару құзыреті облыстық білім басқармалары­на беріледі, талап мектептер мен балабақ­ша­ларға қатысты. Бұл жалпы білім беру саласы үшін өте маңызды қадам болып табылады. Мектептер мен балабақшалар облыста бір орталықтан ғана басқарылса, қаржыланды­руды теңестіру және арттыру мәселелері ке­шенді түрде шешілетін болады.

Жаңашылдық туралы Білім және ғылым ми­нистрі Асхат Аймағамбетов те өз пікірін біл­дірген болатын. “Білім беруді басқару орган­да­ры жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуы – бі­лім беру тиімділігін арттырудың маңызды шарт­тарының бірі. Сарапшылар аудандық, қа­лалық және облыстық білім бөлімдері мен бас­қармаларының өзара байланысы мен жұмыс жүргізу жүйесіндегі кемшіліктер туралы ұзақ уақыт бойы айтып келеді”, – деген министр.

Әсел ОРАЗБАЕВА,

облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp