«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жұмыс берушінің талабы ескеріледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сапалы маман даярлау кол­ледж қызметін бағалаудың басты өл­шемі болып табылады. Еңбек на­рығындағы қазіргі жағдай жұмыс бе­рушінің болашақ маманға қоятын жоғары талаптарымен сипаттала­ды. Өз ісін жетік білетін білікті ма­ман ғана еңбек нарығында жоғары бәсекелестікке төтеп бере алады. 

Бұл міндетті шешу үшін біздің кол­леджде әлеуметтік серіктестердің әртүрлі санаттарымен бірлесе жұ­мыс жасайтын және тараптардың мүдделерін алдымен ескеретін, шарттық қатынастарда белгіленген міндеттемелердің нақтылығына және жұмыс берушілердің сенімді ұстанымдарына негізделген әлеу­меттік серіктестік жүйесі құрылған. Жұмыс берушілер білім беру про­це­сіне белсене қатысып, заманауи талаптарға сай арнайы пәндер, кә­сіптік тәжірибе және кәсіптік мо­дульдер бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларына түзетулер мен өзгертулер ұсынады. Кәсіптік оқыту және өндірістік тәжірибеден өтушілердің кәсіби біліктілігіне мо­ниторинг жүйелі түрде жүргізіледі. Меншік түріне қарамастан кәсіп­орындармен кәсіптік тәжірибеден өткізуге шарттар жасалған. Жұмыс берушілер студенттерді құрамында өндірістік бригадалары мен учас­ке­лері бар жұмыс орындарымен қам­тамасыз етеді. Тәжірибемен бөлі­се­тін, нақты өндіріс жағдайларына бейімделуге көмектесетін жетекші­лер тағайындайды. 2018-2019 оқу жы­лынан бастап колледждің инно­ва­циялық қызметі аясында “Агро­но­мия”, “Ветеринария”, “Ауыл ша­руашылығын механикаландыру”, “Ет және ет өнімдерін өндіру”, “Ор­ман шаруашылығы, бақ-саябақ жә­не ландшафтық құрылыс”, “Сүт өнім­де­рін өндіру” және “Тамақтан­дыруды ұйымдастыру” мамандық­тары бойынша модульдік оқыту жүйесі енгізілді.

Сондай-ақ, “Ветери­на­рия”, “Аг­ро­­номия”, “Ауыл шаруа­шы­лығын ме­ханикаландыру” ма­мандықтары бойынша дуалды оқы­ту жүйесі ен­гізілген. Ол бойынша теориялық бі­лім берумен бірыңғай оқу орны, ал тә­жірибелер мен дағ­дылар мәсе­ле­лерімен кәсіпорын айналысады. Бұл мүмкіндіктерді біздің колледж де қалт жібермеді. Дуалды білім бе­ру жүйесінің тұжы­рымдамасына орай мамандар даяр­лаудың үш­жақ­ты келісімшарт­тарына қол қо­йылды.

Жұмыс берушілер болашақ ма­мандарды қорытынды аттестат­тау­ға қатысып, нәтижелері бойынша жұ­мыс орындарын ұсынады. Кол­ледждің жұмыс берушілермен бір­лескен қызметі мамандарды сапа­лы даярлау мәселелерін ойдағы­дай шешуге мүмкіндік беретінін ай­қын көрсетіп отыр. Нарықтық эко­номика жағдайында кәсіби дайын­дықты сапалы жүргізу және ауыл ша­руашылығы саласына білікті кадр­лар даярлау алғы мақсат бо­лып қала береді.

Бейімбет БҰҒАСОВ,

Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp