«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кітап — рухани қазына

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде “Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021” жалпыұлт­тық акциясы өтіп жатыр. Бұл бастаманы балалар мен жасөс­пірімдердің кітап оқуын қолдау мақсатында Қазақстан Рес­публикасының Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асы­руда. Өңірдегі кішкентай оқырмандардың көркем әдебиетке қы­зығушылығын оятып, кітап оқу мәдениетін қалыптас­тыруға бағытталған шаралар Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөсірімдер кітапханасында да қолға алынды.

1963 жылы қазығы қағылған ру­ханият ордасында бес бөлім жұ­мыс істейді. Кітапхана қорында ұлт­тық әдебиет және мәдениет, өнер салалары бойынша бала­ларға арналған 213 мың кітап бар. Жасыратыны жоқ, соңғы уақытта балалардың көркем әдебиет оқу­ға деген қызығушылығы бәсең­деп барады. Оның себебі әртүрлі. Біз осы олқылықтың орнын тол­тыруды көздейміз.

Акция аясында кітап оқу ма­ра­фондары, челлендждер, флеш­моб­тар, “дөңгелек үстелдер” ұйым­дастырылуда. Сондай-ақ, ба­лалар назарына театрланды­рылған қойылымдар ұсынылып, кітаптар табыс етілуде. Мәселен, наурыз айында Петропавл қала­сындағы отбасылық үлгідегі ба­лалар ауылы тәрбиеленушілері кітапханада өткен танымдық ша­раға қатысты. Оларға қызықты кі­таптар сыйға берілді. Алдағы уа­қытта олар біздің тұрақты оқыр­мандарымыздың қатарынан көрі­ніп, бос уақыттарында көркем әде­биет оқуды жақсы әдетке айнал­дырады деген сенімдеміз.

Ал жас оқырмандарымыз “Оқи­тын автобус” атты шарадан ерекше әсер алды. Кітапхана қыз­меткерлері түрлі ертегі кейіп­кер­лерінің бейнесінде қоғамдық кө­лікте балалармен кездесті. Кіш­кентай жолаушыларға буклеттер мен кітаптар сыйлап, оларды уа­қытты ұтымды пайдаланып, ерте­гілер, әңгімелер оқуға шақырды.

Қазір ай сайын кітапхана ма­ман­дары 50 шақты іс-шара ұйым­дастырады. Пандемияға бай­ла­нысты олардың дені онлайн өту­де. “Библиоглобус”, “білім сағат­тары”, “отбасылық оқу”, “бірге оқи­мыз” деген айдарлармен алуан түрлі шараларға балалар қашық­тан белсенді қатысуда. Атаулы күн­дер де ескерусіз қалмайды. Танымдық кездесулер ұйымдас­тырылады. Ал өнер бөлімі көбі­несе театрландырылған көрініс­терді көрсетеді. Мұндай шаралар гаджеттерден қолы босаған өс­келең ұрпақтың кітап оқуларына, білімдерін молайтуға өз септігін тигізеді.

Біз облыстағы көптеген мек­теп­тер­мен тығыз байланыста­мыз. Алда ауқымды жоспарлары­мыз бар. Күш атасы – Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл толуына орай және орыстың ұлы ақыны Александр Пушкиннің “Пиковая дамасы” туралы таным­дық кеш, жергілікті ақын, ардагер журналист Тоқтар Зікіриннің “Жү­рек сыры” жинағының танысты­рылымы, Ахмет Жұбановтың 115 жылдығы мен 1 мамыр – Қазақ­стан халқының бірлігі күніне орай бірқатар шараларды өткізу көз­делуде. Біз қауіпті індеттен құты­лып, қалыпты тіршілікке оралар сәтті тағатсыздана күтудеміз. Сон­дықтан кішкентай оқырман­да­рымызбен кітапхананың кең зал­дарында қауышатын күн әлі алда.

Ғалия ЖҰМАҒҰЛОВА,

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp