«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОНЛАЙН ОЛИМПИАДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Zoom» платформасында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша XIII республикалық пәндік олимпиада өтті. Еліміздің жоғары оқу орындарынан 14 команда бақ сынағансайысқаМанаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Талантты жастар» командасы қатысты.

Зияткерлік сайыс бірнеше кезеңнен тұды. Атап айтқанда, қатысушылар командаларын таныстырып, тест сұрақтарына жауап беріп, «Инновациялық бағыттар: заманауи педагог-тәрбиеші теориядан іс жүзіндегі тәжірибеге дейін» атты шығармашылық жобада бақтарын сынады. Нәтижесінде университетіміздің намысын қорғаған 3-курс студенттері Алида Әбдірахман, Айдана Амангелдинова, Ұлболсын Дадеш және Анэль Сайран жүлделі 3-орынға ие болды. Талапты қыздардың ғылыми жетекшісі «Бастауыш және мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Әлима Қабденова екенін айта кеткен жөн.

Диана ХАЛИМОВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің медиа орталығының бас редакторы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp