«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавлда қосымша екпе пунктері ашылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізу үшін қосымша екпе пунктері жұмыс істей бастады. Олар адам көп шоғырланған сауда орындарында, спорт сарайы мен кітапханада жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Петропавлда 28 сәуірден бастап «CITY MALL» сауда орталығында екпе пункті ашылды. Бұл жерде №3 қалалық емхананың бригадасы Covid-19-ға қарсы вакцина егеді. Екпе орны таңертеңгі сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін күнделікті мерекелерге қарамай жұмыс істейді.

Бұдан басқа №1 қалалық емхананың бригадасы «Алтын Арман» сауда орталығында, С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада, А.Винокуров спорт сарайында жұмыс істемек. Бұл жерде жылжымалы екпе пункттері сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін қабылдайды.

«Қосымша жалпы саны 9 екпе пункті ашылды. Сауда орталықтары мен кітапханадан бөлек медициналық колледжде, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде, Жастар сарайында, халыққа қызмет көрсету орталығында, отбасылық денсаулық орталығында жұмыс істеп жатыр. Бұл жылжымалы екпе пункттері сағат 18.00-ге дейін қабылдайды. Екпе емханаға тіркелмеген тұрғындарға, шетел азаматтарына да қойылады. Тек өзімен бірге жеке куәлігі болса жеткілікті», – дейді СҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Тұрғындар таңдау бойынша екі вакцинаны – отандық «QazVac»-ты немесе ресейлік «Спутник V» препаратын.

Бұған дейін отандық вакцинаны 500-ге жуық СҚО тұрғыны салдырғанын жазған едік.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp