«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Чернобыль жарасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде “Чернобльді еске алу” көрмесі ашылды.  Оған қатысушылар зұлмат жарылыстың салдарын жоюға қатысқан солтүстікқазақстандықтардың ерлігімен музейде сақталған жәдігерлерарқылы  танысты.

Биыл Украинаның Чернобыль қаласындағы атом-электр стансасының төртінші блогында орын алған апатқа 35 жыл толып отыр. Арада қанша жыл өтсе де, жойқын жарылыстың жүрекке салған жарасы терең. Бұл апат ұмытылмауы тиіс. Оның салдарын жоюға қатысқандардың ерлігі де елеусіз қалмауы керек. 

Дүлей жарылыстың салдарын жоюға күллі республикалардан мыңдаған интернационал жауынгер тартылды. Қазақстаннан аттанған 85 мыңнан астам жауынгердің 4,5 мыңы солтүстікқазақстандық. Көрмеге жауынгер-жерлестеріміздің жеке заттары, фотосуреттері, естеліктері мен наградалары қойылған. Сонымен қатар, көрмеге қатысушы жастар қауіпті аумаққа кіруге мүмкіндік беретін куәлік, дозиметр, химиялық барлау құралдары, жалпы әскери қорғаныс кешені, жеке қорғаныс құралдары, карталармен де таныса алады.

Қазір өңірімізде Укранинадағы  апаттың салдарын жоюға қатысқан 286 азамат тұрады. Олардың 121-і  – Петропавл қаласының тұрғыны.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp