«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДАРДАҒЫ “АШЫҚ ӘКІМДІК”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығынан шалғайда орналасқан Уәлиханов ауданының екі ауылында “Ашық әкімдік” фронт кеңсесі ашылды.

Олардың жұмысымен облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Жарқын Ғалымов танысты. Мұнда ауылдық округ мамандарының еңбек етуіне барлық жағдайлар қарастырылған. Тұрғындар үшін де өте қолайлы. Қызмет сапалы түрде көрсетіледі. Алдағы уақытта коммуналдық, басқа да төлемдер жасау үшін банкоматтар мен терминалдар орнату қарастырылған.

“Qyzyljar – adaldyq alañy” жобасының кураторы Ғани Сақтағанұлы “ашық әкімдіктер” өңірдің алыс ауылдарына да жетіп, мемлекеттік қызметтерге деген қолжетімділік артып отырғанын атап өтті.

– Өткен жылы “бір терезе” қағидаты бойынша жұмыс істейтін “ашық әкімдіктер” барлық аудан орталықтарында құрылса, биыл ауылдық округтерді қамтитын боламыз. Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа моделі елді мекендерге де жетеді. Сондай-ақ, қарт адамдарға қызметтерді электронды түрде алуға көмек көрсетіледі. Бүгінгі таңда төрт ауылдық әкімдік халыққа сапалы қызмет көрсетудің жаңа моделіне көшті, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Жарқын Ғалымов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жергілікті отырысын өткізіп, аудандық кітапхана қабырғасында құрылған “Парасат жолы” орталығында болды.

Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp