«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жеңіс күнін 27 ардагер ғана қарсы алады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында Екінші дүниежүзілік соғыстың 27 ардагері ғана қалды. Оның бесеуі өңір аудандарында тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде санаулы ғана ардагер қалды. СҚО Ардагерлер кеңесінің мәліметінше, 27 ардагер болса, соның бесеуі аудандарда тұрады. Көзі тірі майдангерлердің төртеуі – әйел. Ал төртеуі соғыстан мүгедек болып оралған.

Ардагерлердің ішіндегі ең жасы үлкені – Никита Герасимович Семенов. Қария 10 мамыр күні 101 жасқа толады. Ал майдангерлердің ең жасы – 6 адам биыл 94 жасқа келеді.

«Өкінішке орай ардагерлеріміздің қатары күннен-күнге сиреп барады. Биыл да Жеңіс қарсаңында қарттарымызға зор құрмет көрсетіледі. Сондай-ақ әрқайсысына 1 млн теңгеден ақшалай көмек көрсетілмекші. Бұған дейін мұндай үлкен сома берілген емес. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған. Бізде 5 мыңнан артық тыл еңбеккерлері бар. Оның 136-сы орден-медальдармен марапатталған. Осы кісілерге биыл 30 мың теңгеден сыйақы беріледі. Ал қалған тыл еңбеккерлері 15 мың теңге көлемінде алады», – дейді СҚО Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов.

Биыл сондай-ақ, соғыс кезінде концлагерьде болған 20 адамға 100 мың теңгеден сыйақы беріледі.

«Арнайы құрылымдарда, яғни 1941-1945-ші жылдар аралығында Ұлттық Қауіпсіздік саласында еңбектенген қазіргі таңда көзі тірі бір солтүстікқазақстандыққа 100 мың теңге беріледі. Соғыс ардагерлерінің немесе соған теңестірілген ардагерлердің зайыптарына, Ленинградтың қоршауында болғандарға 30 мың, сол жерде жұмыс істегендерге 60 мың теңге көлемінде жәрдемақы беріледі», – дейді Ескендір Елеусізов.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp