«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Міндеттер айқындалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Nur Onan” партиясы облыстық филиалы жанынан құрылған аграрлық саланы дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес азық-түлік тауарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерімен де айналысады. Кеңестің алғашқы отырысында алда тұрған міндеттер айқындалып, 2021 жылға арналған іс-қимыл жоспары қабылданды.

“Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі – азық-түлік бағасының өсуі. Қазір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қымбаттауы байқалады. Өткен жылы және биыл жұмыртқа, өсімдік майы, жарма, ет, ұн, көкөністер мен жемістер айтарлықтай қымбаттаған. Бұл, ең алдымен, шикізаттың жетіспеушілігімен және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу ісінің кенжелеп қалуымен байланысты”, – деді қоғамдық кеңестің төрағасы Геннадий Зенченко.

Геннадий Геннадьевич уәкілетті органдармен бірлесіп, ет-сүт фермаларын, құс фабрикаларын, жылыжайлар салу және жаңғырту, егіс алқаптарын кеңейту есебінен өндіріс қуатын арттыру және ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту мәселелері өте өзекті екенін атап өтті.

Партияның сайлауалды тұжырымдамасында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2,7 млн. теңгеден 4,5 млн. теңгеге дейін, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдауды 43 млрд.теңгеден 55 млрд. теңгеге дейін ұлғайту, 16 инвестициялық жобаны іске асыру, оның ішінде 11 тауарлы-сүт фермасын, 2 мал бордақылау алаңын, құс фабрикасын салу көзделген.

Бұл салада қордаланған проблемалар да аз емес. Мысалы, мал жаю үшін жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі, сумен қамтамасыз ету, бағаның өсуін тежеу және т.б. мәселелер бойынша өтініш-тілектермен айтатын адамдар саны жиілеген. Олар қоғамдық қабылдауға пай үлестерін төлеуге байланысты шағымдармен жиі келуде. Мұндай шетін жайттарды кеңесте ақылдасып шешкен абзал.

Бас қосуда сайлауалды міндеттемелерге мониторинг жүргізумен қатар ауыл шаруашылығы саласында шешімін күткен жайттарға ерекше назар аудару қажеттігі баса айтылды.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“Nur Otan” партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp