«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Мамыр 1, 2021

БІЗДІҢ КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ

Қазақстан халқының бірлігі күні алғаш рет 1996 жылы аталып өтілді. Биыл 25 жыл қатарынан тойланайын деп отырған мереке еліміздегі ұлтаралық келісімді нығайтудағы маңызды факторға айналды. Әлем біздің этносаралық татулыққа негізделген моделімізді және ұлт бірлігін нығайту жөніндегі күш-жігерімізді әрдайым жоғары бағалайды.

ЕЛГЕ СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ЕРЕН

Қазақ жұртшылығы Шота Уәлихановты Мемлекеттік Елтаңбаның авторы әрі белгілі сәулетші ретінде жақсы таниды. Айтулы тұлғаның атақты Шоқан Уәлихановтың інісі Мақының немересі, олардың Абылай ханның ұрпақтары екендігін де қалың қауым біледі. Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы облыстық филиалы мамандары ұйымдастырған конференцияда жерлесіміз Шота Уәлихановтың ел үшін атқарған еңбегі мен ғибратты ғұмыры әңгімеге арқау болды. “Zoom” платформасында өткен конференцияға …

ЕЛГЕ СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ЕРЕН Read More »

Тарихи сәт

Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен елордада өткен “Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы” тақырыбындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясының жұмысына Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері де қатысты. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының төрағасы, өңір басшысы Құмар Ақсақалов, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, мемлекеттік органдардың өкілдері әлемде теңдесі жоқ қоғамдық институттың тарихи …

Тарихи сәт Read More »

МАЛ ӨСІРСЕҢ, ҚОЙ ӨСІР

Қой шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы іске қосылды. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен өткен жиында Шопан ата төлін өсірушілерге көрсетілетін қолдаулар туралы айтылды.

Merekelık qūttyqtau

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

САУАБЫ МОЛ

Облыста Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанын­дағы “Зекет” қорының бастамасымен “Рамазан керуені” акциясы өтіп жатыр.

Тәуелсіз елдің төлқұжаты

Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 30 жыл­­дығын атап өтеді. Қазақстан бұл белеске елеулі жетістіктермен жетіп отыр. Еліміздің Туы мен “бірлік” деп аталатын “төлқұжатын” қазір әлемнің барлық республикалары біледі. Оларды кең-байтақ елде тату-тәтті өмір сүріп жатқан көпэтносты халқымыздың ынтымағы қызықтырады.

БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген соң республикамызда тұрақтап қалған өзге эт­нос өкілдеріне барлық жағдайлар жасалды. Олардың елімізде өсіп-өнуімен қатар, ұлттық мәдениетін сақтауға да мүмкіндіктер берілді. Мұның айшықты дәлелі жергілікті жерлерде түрлі этнос өкілдері бірлестіктерінің құрылғаны еді. Солардың бірі – Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы Әзірбайжан этномәдени бірлестігі.

Бақыт мекені

“Береке бастауы – бірлік” қа­ғидасын ұстанған еліміз үшін 1 мамыр – ынтымақ пен бірлік күнінің алар орны ерекше. Себебі, түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатыр.

Туған жердің түтіні де тәтті

Бүгінде Мағжан Жұмабаев ауда­нындағы Булаево өнер мектебінің директоры болып жұмыс істейтін Сергей Кузьменко бала күнінен музыканы сүйіп өсті. Ол бұрынғы Преснов (қазіргі Жамбыл) ауданына қарасты Макарьевка ауылында дүниеге келіп, орта мектепті Пресноредудь ауылында тамамдады. Бастауыш сыныпта оқып жүріп-ақ радиодан естіген әндерін гармон, баянның сүйемелдеуімен шебер орындаған. Баланың бойындағы өнерді байқаған ұстаздары оны түрлі мәдени шараларға …

Туған жердің түтіні де тәтті Read More »

“Әлем көгершіні”

Елімізді мекен етіп отырған жүзден астам этнос өкілдері ортақ Отанымыз – Қазақстанның көркеюі­не айрықша мән беруде. Оны жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін сенбіліктерден аңғарамыз. Қазақстан халқының бірлігі күніне орай “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері “Әлем көгершіні” атты тазалық акциясын ұйымдастырды.