«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бақыт мекені

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Береке бастауы – бірлік” қа­ғидасын ұстанған еліміз үшін 1 мамыр – ынтымақ пен бірлік күнінің алар орны ерекше. Себебі, түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатыр.

Азаттықтың алғашқы жылдары жағдайымыз қандай еді? Сол кезеңдерді еске алсақ, бүгінгі тіршілігіміз ертегі сияқты. Тоқсаныншы жылдардың алғашқы кезеңінің ауыртпалығы көп болды. Жұмысшылар жалақыдан қағылса, зейнетақы бірнеше айлап кешігіп келетін еді. Дегенмен, бұл қиын шақта халықтың көкірегіндегі болашаққа деген сенім алға жетелегені сөзсіз.

Осыдан он сегіз жыл бұрын құрылған “Новомихайловское – 2003” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жер-Ананың төсінде түлеп, егемендік жылдары кең қанат жайды. Маңдай теріңді төгіп жұмыс істесең, ол сені ырыздықсыз қалдырмайтынына көз жеткізіп отырмыз. Бүгінгі таңда үш ауылдың 145 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтыдық. Олардың арасында қазақтар мен орыстар, беларусь, украин, поляк, татар, өзбек және тағы басқа этнос өкілдері бар. Ең бастысы – біздің ұжымда татулық пен ауызбіршілік орнаған. Тағдырдың жазуымен қазақ жері екінші Отанына айналған этнос өкілдері елімізде бейбітшілік пен келісімнің орнағанына шүкір етеді.

Қазақстанда еңбек етемін де­ген адамға барлық жағдай жасалып, қолдау көрсетіледі. Тек іс­тің көзін тауып, маңдай терді төксең болғаны.

Вячеслав ШЕГОЛЕВ,

“Новомихайловское – 2003” ЖШС-нің директоры.

Мамлют ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp