«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САУАБЫ МОЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанын­дағы “Зекет” қорының бастамасымен “Рамазан керуені” акциясы өтіп жатыр.

Қасиетті Рамазан айында ұйым­дасты­рылған игі шара аясында көмекке мұқтаж, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы 781 отбасына тегін азық-түлік қоржын­дары табысталды. Сондай-ақ, қордың жергілікті өкілдері 17 тонна пияз дайындап, үлестірді. Сауабы мол шара өңірдің барлық аудандарындағы мешіт имамдарының қолдауымен, жомарт жандардың демеушілігімен жүзеге асырылуда. “Зекет” қорының облысымыздағы өкілі Қасымхан Абдоллаұлының айтуынша, акция мұнымен шектелмейді. Қасиетті айда өзге де игі іс­тер легі жалғасын таппақ.

– Қыс мезгілінде бірнеше шара өт­кіздік. “Жылулық сыйла” акциясы аясында қоғамның әлжуаз топтарына тегін көмір тараттық. Сондай-ақ, жатақханаларда тұрып жатқан студенттерге, медицина қызметкерлеріне ауызашар-қоржындарын жеткізіп жүр­міз. Жуық арада “Өмірге үміт сыйла”, “Аналарға құрмет”, “Жетім көрсең, жебей жүр” сынды қайырымдылық акцияларын қолға алып, мұқтаж жандарға қолғабыс көрсетпек ойымыз бар, – деді қордың өкілі.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp