«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Әлем көгершіні”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізді мекен етіп отырған жүзден астам этнос өкілдері ортақ Отанымыз – Қазақстанның көркеюі­не айрықша мән беруде. Оны жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін сенбіліктерден аңғарамыз. Қазақстан халқының бірлігі күніне орай “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері “Әлем көгершіні” атты тазалық акциясын ұйымдастырды.

Игілікті шара Петропавлдағы Пестрое көлі жағалауында өтіп, оған белсенді жастар қатысты. Қала тұр­ғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнын қоқыстан, тұрмыстық қалдықтардан тазартуға Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының мүшелері, колледж студенттері шықты. Жалпы, акцияға 30-ға тарта адам жұмылдырылып, көл жағалауынан небәрі екі сағаттың ішінде 25 қап қоқыс шығарылды.

Сенбілік аяқталғаннан соң жастар ел Тәуелсіз­дігінің 30 жылдығына орай флешмоб ұйымдастырды.

Динара ОРАЗБАЕВА,

“Қоғамдық келісім” КММ-сі жетекшісінің міндетін атқарушы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp