«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Merekelık qūttyqtau

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Бұл жарқын мереке – біздің көпұлтты халқымыздың тамаша дәстүрлерінің жалғасы, бейбітшілік пен келісімнің символы.

Бірлік пен келісімнің арқасында елімізді әлем мойындап, жоғары беделге ие болдық, Тәуелсіз мемлекет құруда үлкен жетістіктерге қол жеткіздік.

Сәуірдің 28-і күні “Бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы” атауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өткенін білесіздер. Түрлі этностардың Қазақстан халқы Ассамблеясы, оның Парламенттегі депутаттары арқылы саяси шешімдер қабылдауға қатысуы басқа елдерге үлгі болып отыр.

Биыл біз ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Алдағы 30 жылда бізді одан да биік белестер күтіп тұрғанына сенімдімін.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына Солтүстік Қазақстан жерінде бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан жүзден астам этнос өкілдері өз үлестерін қосуда. Бірлік пен келісім Тәуелсіздікті нығайту жолындағы жаңа жетістіктердің кепілі болып табылады.

Бірлікті сақтау, дінаралық келісім мен бейбітшілікті нығайту ісіне үлес қосу – әрқайсымыздың парызымыз. Біз күш біріктіре отырып, облысымызды одан әрі дамыта аламыз.

Көктемнің осы тамаша күнінде сіздерге мерекелік көңіл күй, денсаулық, табыс, амандық және біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасына гүлдену тілеймін!

Құмар АҚСАҚАЛОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp