«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 02.05.2021

СОҒЫС АРДАГЕРІНІҢ ҮЛГІСІ

Петропавл қаласында тұратын соғыс ардагері Николай Дёмин коронавирусқа қарсы екпе алды. Қазір қарттың жағдайы жақсы.

Екпе егуге – қосымша күш

Облыс орталығындағы сауда орталықтары, колледждер мен кітап­ханада қосымша екпе егу пункттері ашылды. Өңір тұрғында­рына ресейлік “Спутник-V” және отандық “QazVac” екпесі салынып жатыр.

Жайқала түс, жас көшет!

Петропавлды абаттандыру жобасы аясында қала көшелеріне көшет отырғызу жалғасып жатыр. Биыл шаһардың 35 көшесіне қарағай, шырша, жөке мен алма және терек отырғызылмақ. Жалпы 1300 түп көшет егу жоспарланған. Сондай-ақ, көше бойына ұсақ тал да отырғызылуда. Оның жалпы ұзындығы 13 шақырымнан асады. Бұл бастаманың мақсаты – жаяу жүргіншілерді шаң мен жауынды күндері балшықтан қорғау әрі көшенің …

Жайқала түс, жас көшет! Read More »

Қазақтың ханы – Абылай

Үш жүздің басын қосқан Абылай ханның 310 жыл­дық мерейтойына арналған “Қазақ ордасының ұлы ханы – Абылай” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. “Абылай хан резиденциясы” музей-кешені ұйымдастырған шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов өңірде руханият саласын қолдауға бағытталған шаралармен таныстырды.

Парамен ұсталды

Петропавл қалалық әкімдігінің кә­сіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. Лауазымды тұлға күзет агенттіктерінің бірінің директорынан 150 мың теңге көлемінде пара талап еткен. Бұл соманы мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес мемлекеттік нысандардың бірін күзету бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедер­гісіз қол қойғаны үшін алмақ болған.

Маусымдық дерт

Өңірімізде күн жылынып келеді. Ауа райының осындай күндерінде көп адамдардың денсаулығы сыр беріп, мау­сымдық дерттері (ал­лергия) мазалауы мүмкін. Иммуни­теті әлсіз адамдар жиі шалды­ға­тын бұл ауруды ағзаға пай­далы тағам­дарды тұтыну арқылы жеңе ала­мыз.

САЗ ӘЛЕМІНІҢ САРДАРЫ

Қазақ халқының дәстүрлі және кәсіби музыка өнерінің келбет-болмысы, өсу-есею жылдары Ах­мет Жұбанов есімімен тығыз бай­ланысты. Құрманғазы атындағы ұлттық халық аспаптар оркестрі, Абай атындағы Ұлттық опера және балет театры, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерватория, Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония, Қазақ Ғылым ака­демиясының Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, Қазақстан компози­торлар одағы – Ахмет Жұбанов­тың тікелей бастамасымен, қол­дауымен, …

САЗ ӘЛЕМІНІҢ САРДАРЫ Read More »