Derekter söileidı

Soltüstık Qazaqstan

 romanogazzi@gmail.com

Петропавл қаласына 1941 жылдың тамыз айында эвакуацияланған эшелондар келе бастады. Бір жыл ішінде ғана облыс орталығы 20 зауыт пен фабриканы, басқа да кәсіпорындарды қабылдап, орналастырды. Аз уақытта қорғаныс зауыттарының желісі құрылды. Олардың қатарында №239 (қазіргі “ЗИКСТО” АҚ), № 347 (ЗИМ), № 641 (“Киров атындағы зауыт” АҚ), №675 (Калинин атындағы зауыт), шағын литражды двигательдер зауыты, сондай-ақ жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары бар.

* * *

Соғыс жылдары облыста 12 балалар үйі болды.

* * *

Жеңіс күнін жақындату үшін солтүстікқазақстандықтар майданға жеке жинақтарын табыстады. Соғыстың алғашқы екі жы­лында облыс еңбеккерлері қорғаныс қорына 29 миллион 574 мың рубль жинап берді. Ленин ауданындағы “Жаңалық”, Преснов ауданындағы “Баян” ұжымшарларының төрағалары Т.Темірбаев пен Қ.Үмітбаев қорғаныс қорына 190 мың рубль аударды. Жиналған қаржыға “Северока­захстанский колхозник” танксі мен “Боевые подруги” ұшағы құ­растырылды.

* * *

Облыс жұмысшылары, шаруалары мен зиялы қауым өкілдері отбасы қажетінен үнемдеп, қорғаныс қорына 204 мың пұт астық, 10248 пұт ет, 1220 пұт май, 116 мың пұт көкөніс өнімдері мен картоп жинап, жөнелтті.

* * *

Соғыстың алғашқы екі жылын­да облысымыздан ұрыс даласына 121770 жылы киім жібе­рілді. Соның ішінде 5 мың пима, 16 мың жылы және іш киім, 18 мың жұп қолғап, 20 мың бас киім мен жүннен тоқылған шұлық, 24 мыңға жуық шалбар бар.

* * *

Ауыл әйелдері ерекше батылдық пен қайсарлық танытты. Соғыстың алғашқы айларынан бастап олар ерлердің ең ауыр жұмыстарын істеді. Трактор мен комбайн жүргізіп, мал бағып, егін жинады. Облыста алғашқы әйелдер трактор бригадасы құрылып, оны В.Бондарева басқарды. Көптеген әйелдер керемет нәтижелерге қол жеткізді. Мәселен, Чистянская МТС комбайншысы Мария Приходько 630 гектар алқаптың егінін орды.

* * *

1944 жылы “Ленин туы” газеті­нің (қазіргі “Soltústık Qazaqstan” газеті) редакция ұжымы жерлес-майдангерлердің құрметіне очерк­тер мен өлеңдер жинағын шығарды. Бұл шағын жинақты майдандағы солтүстікқазақстан­дықтар жылы қабылдады. Редакцияға жауынгерлер мен офицерлердің ұрыс даласынан жолдаған хаттары толассыз келіп жатты.

(Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві берген мәліметтер негізінде әзірленді).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp