ӨҢІРІМІЗДІҢ БАС ПОЛИЦЕЙІНЕ – ЖАҢА ШЕН
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әскери атақ алған қызметкерлердің тізімі жарияланды. Бұл тізімде облыстық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев та бар. Өңіріміздің бас тәртіп сақшысына полиция генерал-майоры арнаулы шені берілді.